<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><lyrics>[V1]
 Қуанам Құдайымды тапқаныма,
 Арайлап сол бір таңның атқанына.
 Жүректің лүпілдеген жалынымен
 Паш етіп ақиқатты жатқаныма.

[C1]
   Сен менің, Иса Тәңір, Құтқарушым!
   Мендей боп барлық халқым құтқарылсын.
   Қабыл ал, ей, адамзат ақиқатты,
   Сенің де Иса Тәңір Құтқарушың.

[V2]
 Тапсыр да тағдырыңды Құдайыңа,
 Әрқашан сиынып жүр ұдайы да.
 Қадам бас мәңгі өмірге, ақиқатқа,
 Белшеңнен бата берме уайымға.

[V3]
 Мәңгілік, - Ол мәңгілік - Иса жолы.
 Бұрын күн түсінбеппіз біздер оны.
 Күнәнді кешіреді Ол қайырылсаң,
 сол Иса сен үшін де құрбан болды.

[V4]
 «Танысын, міне, осыны» деп туыпты.
 Сенен Ол тілемейді көп білікті.
 Ақиқат - Иса жолы - Құдай жолы.
 Бауырым, соны білсең жеткілікті.</lyrics>
<title>Қуанам Құдайымды тапқаныма!</title>
<author>Абдимакиова Н., Қабдешов Руслан</author>
</song>